Central AsianResearch Index

БИОГАЗ ШЫҒЫМЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ГАЗ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫНДАҒЫ ЖАНУ ПРОЦЕСІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Биогаз – энергияның бірден-бір баламалы көзі болып табылады, қазіргі уақытта оны ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары үшін мотор отыны ретінде де пайдалануға болады. Ірі қара малдың көңін өңдеу арқылы алынған биогаз қарастырылған. Алынған биогаз табиғи газ деңгейіне дейін байытылып, сығымдалды. Ауылдық елді мекендерде биогаз қондырғыларын қолдану және көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы машиналары үшін биогаз отынын өндіру шаруашылық құрылымына жаңа қасиеттер береді: оны энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз етеді, ауыл шаруашылығының қалдықтарын кәдеге жарату мәселесін шешеді және өндіріс көлемін арттырады. Мақалада көлік қозғалтқыштарында отын ретінде биоэнергияны кеңінен пайдаланудың салыстырмалы нәтижелері қарастырылады. Турбоүрлемелі дизель қозғалтқышынан қайта жабдықталған ұшқынмен тұтанатын газ қозғалтқышында биогаздың жану процесін есептеу әдістемесі ұсынылған. Биогаз жану кезіндегі жылу бөліну сипаттамалары, сондай-ақ қайта жабдықталған газ қозғалтқышының индикаторлық және тиімді көрсеткіштері И. И. Вибе әдістемесі бойынша анықталады. Биогаздың жану сипаты мен ұзақтығының айнымалы көрсеткіштерін сипаттайтын теңдеулер алдын ала жүргізілген эксперименттік зерттеулер нәтижелеріне негізделген. Эксперименттік деректерді өңдеу нәтижесінде биогаз құрамындағы мөлшерінің жану көрсеткішіне әсерін сипаттайтын эмпирикалық тәуелділік алынған. Биогаз жанған кезде түзілетін өнімдердегі зиянды (уытты) заттардың мөлшері В. А. Звонов ұсынған есептеу әдісі негізінде есептелді. Жүргізілген тәжірибеден алынған деректер биогаз отынының жану үдерісін сипаттайтын математикалық модельдің дұрыстығын тексеруге, яғни оны верификациялауға мүмкіндік берді. Кілтті сөздер: газ қозғалтқышы, субстрат, жану процесі, ұшқынмен тұтану, турбоүрлеу, эмпирикалық теңдеу, айналу моменті, биоэнергетикалық қондырғы.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3,2026, С. 516-534
Язык
Казахский
ISSN
1680-9165 · 2788-8770
Издатель
Toraighyrov University