Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 3,2026, с. 446-459
ХРОМ-НИКЕЛЬДІ ФЕРРОҚОРЫТПАНЫ МЕТАЛЛОТЕРМИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛДЕУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада хром-никельді ферроқорытпаны металлотермиялық әдіспен өндіру технологиясын термодинамикалық модельдеу бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – металлотермиялық қалпына келтіру процестерін термодинамикалық тұрғыдан талдау арқылы хром мен никельдің қосылыстарын металдық күйге тиімді айналдырудың оңтайлы шарттарын анықтау. Металлотермиялық әдіс жоғары температура жағдайында металл оксидтерін белсенді тотықсыздандырғыштар көмегімен қалпына келтіруге негізделеді. Бұл әдіс ферроқорытпалар өндірісінде кеңінен қолданылып, жоғары сапалы және құрамында бағалы компоненттері бар қорытпаларды алуға мүмкіндік береді. Термодинамикалық модельдеу арқылы жүйедегі химиялық реакциялардың жүру ықтималдығы, тепе-теңдік жағдайлары және температураның процестің тиімділігіне әсері анықталады. Жүргізілген есептеулер мен талдаулар хром және никель оксидтерінің металлотермиялық жолмен қалпына келу мүмкіндігін, сондай-ақ процестің оңтайлы температуралық және құрамдық параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алынған мәліметтер бастапқы шикізат құрамын таңдауға, тотықсыздандырғыш мөлшерін негіздеуге және балқу процесін басқаруға ғылыми негіз болады. Бұл өндірістік жағдайда технологиялық режимдерді нақтылауға және металдың шығымын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері хром-никельді ферроқорытпа алу процесінің тиімділігін арттыруға, энергия шығындарын азайтуға, алынатын өнімнің сапасын жақсартуға және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Кілтті сөздер: металлотермиялық әдіс, хром, никель, термодинамикалық модельдеу, ферроқорытпа, тотықсыздану процессі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/nitk3.2026/446-459
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0