Central AsianResearch Index

HARDOX БОЛАТЫН БАЛҚИТЫН ЭЛЕКТРОДПЕН ЭЛЕКТРЛІ ДОҒАЛЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУ

Бұл мақалада HARDOX болатының балқитын электродпен қолмен электрдоғалық дәнекерлеу кезіндегі дәнекерлену қасиеттерін эксперименттік зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу әдістемесі дәнекерлеу процестерінің теориясы, дәнекерлеу технологиясы мен жабдықтары, машина бөлшектерін жөндеу дәнекерлеу және балқытып қаптау технологиясы, металдар технологиясы сияқты ғылымдар негізінде әзірленді. Дәнекерленген жіктерге жүргізілген визуалды және ультрадыбыстық талдау нәтижесінде оңтайлы температуралық режим сақталған жағдайда (атап айтқанда, дәнекерленетін табақтың қалыңдығына сәйкес ток күшінің оңтайлы мәнін таңдау) ақаулары барынша аз, сапалы дәнекерленген қосылысты алуға болатыны анықталды. Сонымен қатар, технология талаптары бұзылған жағдайда жарықшақтардың пайда болуы және жіктің аймағында металдың құрылымдық өзгеруі мүмкін екені анықталды. Сонымен қатар, ток күшінің артуымен шағылған дыбыстық импульс деңгейінің де жоғарылайтыны анықталды. Бұл көрсеткіш біртексіздік көлемінің ұлғаюына байланысты конструкцияның морттануын сипаттайды. 80 А ток күшінде шағылған сигналдың көлемі 24 %, ал 100 А ток күшін қолдана отырып дәнекерленген үлгіде бұл көрсеткіш 27 % болды. Алынған нәтижелер жоғары температураға төзімді материалдармен, атап айтқанда, HARDOX типті болаттармен жұмыс істеу кезінде дәнекерлеу параметрлерін қатаң бақылау және бетті алдын ала дайындау қажеттілігін растайды. Бұл материалдың тиісті механикалық қасиеттерін сақтау үшін аса маңызды, әсіресе олар жоғары механикалық жүктеме және абразивті тозу жағдайларында қолданылған кезде. Жұмыстың эксперименттік бөлігі HARDOX болатын дәнекерлеудің ерекшеліктерін, атап айтқанда, материалдың жылулық әсерге және дәнекерленген қосылыстың беріктік сипаттамаларына әсер етуі мүмкін жылу әсер ету аймақтарының пайда болуына сезімталдығын анықтауға мүмкіндік берді. Кілтті сөздер: HARDOX болаты, электрдоғалық дәнекерлеу, дәнекерленген жігі, ток күші, дәнекерленген қосылыстың беріктігі, визуалды талдау, ультрадыбыстық талдау.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3,2026, С. 275-286
Язык
Казахский
ISSN
1680-9165 · 2788-8770
Издатель
Toraighyrov University