Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 3,2026, с. 18-29

БАЛҚЫТЫЛҒАН ІРІ МОДУЛЬДІ ТІСТІ ДОҢҒАЛАҚТАРДЫҢ ПРОФИЛІН БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІН СТАТИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

Т. М. Бузауова, Ш. Ғ .Бейбіт

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада балқытылған ірі модульді тісті доңғалақтардың профилін бақылау барысында алынған өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу және негіздеу мәселелері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – тіс профилінің геометриялық параметрлерін бағалау кезінде алынған эксперименттік деректердің сенімділігін анықтау және өлшеу нәтижелерінің дәлдігін статистикалық әдістер арқылы растау. Бақылау барысында тіс профилінің координаталары жоғары дәлдікті координаталық өлшеу әдісімен анықталып, алынған мәліметтер математикалық модель негізінде есептелген болжамдық мәндермен салыстырылды. Зерттеу кезінде профиль траекториясы бойындағы X, Y және R координаталарының өзгеру заңдылықтары талданып, олардың өзара байланысы анықталды. Эксперименттік және есептік мәндер арасындағы айырмашылықтарды бағалау үшін қалдық ауытқулар есептеліп, олардың таралу сипаты зерттелді. Өлшеу нәтижелерінің тұрақтылығы мен сенімділігін бағалау мақсатында орташа арифметикалық мән, стандарттық ауытқу, вариация коэффициенті және сенімділік интервалы сияқты статистикалық көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар өлшеу нәтижелерінің қайталанғыштығы мен жаңғыртылғыштығына әсер ететін факторлар қарастырылды. Жүргізілген талдау нәтижелері профиль бойындағы координаталық параметрлердің өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсетті. Эксперименттік және болжамдық мәндер арасындағы айырмашылықтардың аз болуы қолданылған математикалық модельдің және өлшеу әдістемесінің жеткілікті дәлдігін дәлелдейді. Кілтті сөздер: тісті доңғалақ, ірі модуль, профиль, координаталық бақылау, статистикалық талдау, қалдық ауытқу, сенімділік интервалы.

Сведения · Details