Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 96-105
САЙЛАНУШЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ӨРКЕНДЕТУДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада сайланушының басымдық индикаторы – өз елінің жарқын, бостандықта, байқуатты өмір сүрулеріне қам жасарлық, тағылымы мен прагматикалық тәсілдерінің шынайы тұрғыда көрініс беруі негізге алынған. Сайланушының көшбасылық құзыреттің әдіснамалық негізін, тағылымдылық негізін, ішкі интеллектуалды әлеуетінің алар орны айқындалған. «Көшбасы» мен «көшбасшы» ұғымдарының мәнін ашып, олардың өзара айырмашылықтары жіктеліп жазылған. Е. Семактың «Лидерство и руководство», О. И. Елизарованың «Организация производства и менеджмент», И. Молчановтың «Основы лидерства» еңбектеріне талдау жасай келе, сайланушының «ішкі қасиеттердің қалыптасуы» деген ұғым біздерге қозғаушы күш болып, оған «ішкі ойлау, интеллектуады әлеует» секілді ұғымдарды қосқанда ғана сайланушының көшбасылық құзыреттің алға ілгерілеуіне мүмкіндік беретіні баяндалады. Көшбасылық құзыреттің ілгерілеуі сайланушының сайлану кезеңінен әлдеқайда бұрынырақ өркендеуі қарастырылады. Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайтуды басшылыққа ала отырып көшбасының жеке қасиеттерді дамытатын негізгі шарттарды жіктеп көрсетеді. Р. Л. Кричевскийдің еңбегін талдай отырып, тұжырымдамалық түзілім құрастырады. Сайланушылардың бойында тұтастай халқын соңынан ерте аларлық рухының биік, қарымының өте мықты, коммуникативтік шеберлігі сияқты тұлғалық қасиеттерінің болуы керек екендігі баяндалады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/neik4945
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0