Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 276-289

"АЛАШ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ "

Ш. А. Кыяхметова, М. Т. Джакыпбекова

Аннотация · Abstract

"Мақалада Алаш ғалым-ағартушыларының іліміндегі іргелі педагогикалық идеяларды, оның қазіргі білім берудегі маңызын айқындап, әдіснамалық, мазмұндық және әдістемелік тұтастығы ашылады. Ж. Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» оқу әдістемелік еңбегіндегі және әдістемелік мақалаларындағы қазіргі білім беру мәселесімен өзектесетін тұстарын ғылыми түрде сараланып, тәжірибеде пайдалану жолдарын ұсынылады. М. Дулатовтың «Қирағат кітабы» оқу құралындағы көркем шығарманы талдау және интерпретация жасау жолдары танытылып, оқу құралына енген шығармалары «қирағатпен оқыту» әдісіне салынып, жүйеленеді. І. Жансүгіровтің оқу-әдістемелік еңбектеріндегі білім беруге қатысты терминдер жинақтау, жүйеленіп, терминдердің қазақ тілінің ғылыми әлеуетін қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Алаш ғалым-ағартушыларының еңбектері ХХ ғасырдың басында ұлттық рухани ояну дәуірінде жазылған, ұлтты сақтап қалу мүддесін көздеген және ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық дүниетанымынан тамыр тартқан дәстүрлі тәрбиесі, наным-сенімдер, ұлттық мұраттар, әдет-ғұрыптар жүйесі қамтылған. Бүгінгі таңда бұл еңбектер тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытудың, адами капитал қорын жинақтаудың, ұлттық менталитетті қалыптастырудың тетігі ретінде анықталады. Алаш ғалым-ағартушылары Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, І. Жансүгіровтің әдістемелік еңбектерінің бүгінгі әдістемемен сабақтастығы айқындалады, ғылыми айналымға түсіру және тәжірибеге енгізудің тетіктері ұсынылады. Кілтті сөздер: әдістеме, ғалым-ағартушы, оқу-әдістемелік еңбектер, жаңартылған бағдарлама, ұлттық мектеп. "

Сведения · Details