Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 3.2024, с. 76-87

САУСАҚТЫ ФРЕЗАНЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

А. А. Сагитов, А. К. Шеров, Д. Ш. Косатбекова, Г. М. Тусупбекова, А. Б. Есиркепова

Аннотация · Abstract

Бұл мақаланың мақсаты-ысқылап қалыптастыру әдісін қолдану арқылы саусақты фрезаның тозуға төзімділігін арттыру. Саусақтық фрезаны ысқылап қалыптастыру процесін эксперименттік зерттеуді жоспарлау үшін екінші ретті ротатабельді жоспарлау қолданылады. Саусақтық фрезаларды ысқылап қалыптастыру бойынша эксперименттік зерттеулер болат 45 материалынан дайындаманы фрезерлеу кезінде ХН950А тік-фрезерлеу станогында жүргізілді. Өңдеу режимдерін олардың белгілі бір мәндеріне дейін ұлғайту (s = 36 мм/мин; n = 80 айн/мин; t = 6 мин) құралдың тұрақтылық кезеңіне оң әсер ететіні анықталды. Бұл ретте құралдың тұрақтылық кезеңін t=142 минутқа дейін арттыруға қол жеткізілді. Саусақты фрезаның тұрақтылық кезеңін анықтау зертханалық база жағдайында орындалды. Алдын ала ысқылап қалыптастырудан кейін фрезаларды дайындама кесу арқылы жұмыс істеу ұзақтығы анықталды. Құралды ысқылап қалыптастырудың оңтайлы режимі құралдың кесу бөлігін беріктендіру үшін ең жақсы деформациялық-жылу жағдайларын қамтамасыз ететіні анықталды. ANSYS бағдарламасының көмегімен модельдеу нәтижесінде, шын мәнінде, өңдеуден кейін саусақтық фрезаның кесу бөлігінде қатайтылған қабат пайда болатындығы анықталды. Зерттеу жұмыстары АР14972884 «Ысқылап қалыптастыру әдісімен металл кескіш құралдардың тозуға төзімділігін арттыру» гранттық жоба аясында жасалынды. Кілтті сөздер. құралдың тозуы, ысқылап қалыптастыру әдісі, саусақтық фреза, тұрақтылық кезеңі, өңдеу режимдері, тозуға төзімділік, беріктендіру.

Сведения · Details