Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 184-195

Көркем мәтінде автор модалдылығының берілу жолдары

Гулгул Женисовна Искакова

Аннотация · Abstract

"Мақалада лингвистикалық зерттеулер контекстіндегі модалдылық ұғымы кеңінен сипатталып, қазіргі лингвостилистика мен мәтін лингвистикасындағы модалдылық категориясын зерттеудің қысқаша тарихы ұсынылған. Автор модалдылығы көркем мәтінді түзуші, ұйымдастырушы рөл атқаратын категория ретінде қаралады. Сондай-ақ, автор модалдылығы коммуникативтік-прагматикалық және субъективті-бағалау категориясы ретінде зерттелді. Синтаксисте стилистикалық құралдардың рөлі, атап айтқанда, төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз құрылымдарынан тұратын бөгде сөздің берілу формаларының парадигмалары көрсетілген. Көркем мәтінде бөгде сөз мазмұндау түрінде беріледі, атап айтқанда, бөгде сөздердің тізбегі ретінде, яғни төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мәтіннің әртүрлі фрагменттерінде бөгде сөздің негізгі берілу жолдарының комбинациясы әртүрлі болуы мүмкін, нәтижесінде аралас құрылымдар пайда болып, күрделене түседі. Мақалада автордың модальділігін білдірудің тәсілі ретінде ортақ төл сөздің қызметі қарастырылады. Мақала авторының пікірінше, көркем мәтіндердегі ортақ төл сөз жоспардың екіжақтылығымен, яғни автордың сөйлеуі мен кейіпкердің сөйлеуінің тұтасуымен сипатталады және көбінесе лепті, сұраулы сөйлемдер, синтаксистік құрылымдар арқылы жүзеге асады. Бұл құрылымдардың семантикасы модальділіктің әртүрлі реңктерін қамтиды, оларды анықтау шығармада автордың қатысуын айқындауға мүмкіндік береді. "

Сведения · Details