Science and Technology of Kazakhstan, 2023, № 4,2023, с. 250-260
ЖҮК АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Әлемдік экономиканың соңғы он жылдын ішінде көліктің қажеттіліктерін қанағаттандыруда автомобиль көлігінің рөлі үнемі жылдам артып келеді. Бұл экономиканың жекелеген салаларындағы көліктің осы түрінің елеулі артықшылықтарына ғана емес, сонымен қатар жол инфрақұрылымының қарқынды дамуына, сондай-ақ көлік құралдарын сындарлы жетілдірудегі прогреске байланысты. Автокөлік - бұл қазіргі заманда үнемі үлкен жаһандық міндет, бірақ ол сонымен прогрестің ең үлкен қозғалтқыштарының бірі болып табылады. Бұл көптеген кемшіліктерге байланысты, мысалы, қоршаған ортанға әсерлері, бірақ сонымен бірге көлік құралдары мен адамның көмекшісі ретінде автомобильдерден мүлдем бас тарту мүмкін емес. Мақала қолданыстағы автокөліктердің техникалық дайындығын көтеру мақсатында техникалық қызмет көрсету амалдарын жетілдіруге арналған. Жұмыстың ғылыми жаңалығы автокөліктерге техникалық күтімі мен (ТК) қажетті техникалық жөндеу (ҚТЖ) жұмыстарын жүргізу кестесін жасау негізінде автокөлік кәсіпорындарында автомобильдерге кезекті ТК және ҚТЖ ұйымдастыру мен жоспарлауды жетілдіруге ұсыныс дайындалған. Ұсыныс, автокөлік құралдарын ТК және ҚТЖ жүргізу кестесін құрудың қарастырылып отырған әдістемесі автокөлік кәсіпорындары мен еңбек ресурстарының өндірістік-техникалық базасын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: автокөлік, дайындық, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тиімділік, кесте.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mvug4508
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0