Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2024, № 4.2024, с. 269-281
ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛҒАН РОТОРЛЫ АСИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАҚЫЛАУШЫНЫҢ ИМИТАЦИОНДЫ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
Аннотация · Abstract
Мақалада қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргішті температураның жоғарылауынан жанама қорғау жүйесі қарастырылған. Статор орамаларының қызып кетуінен қорғаудың жанама жүйесін құру үшін температураны бақылаушы жасалды және оның жұмыс алгоритмі әзірленді. Температураны бақылаушының алгоритмін зерттеу үшін қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргішінің имитационды моделі құрылды. Имитационды зерттеулер MATLAB/SIMULINK және SimPowerSystems қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде орындалды. Нәтижесінде қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргіші үшін статор орамасының кедергісін бақылаушы моделінің қателігінің 3 кВт ÷ 200 кВт қуат диапазонындағы температурадан асып кетуіне тәуелділігі талданды. Бақылаушының температурасын есептеу дәлдігін арттыру мақсатында түзету коэффициенті енгізіліп, оның асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргішінің қуат функциясына тәуелділігі анықталды. Түзету коэффициентін ескере отырып, асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргішінің температурасын жанама есептеу қателігі 1% - дан аспайды. Ұсынылған температура бақылауышы қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргіштің қорғанысын құру үшін қолданылады. Қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды генератордың электромеханикалық түрлендіргішті қызып кетуден қорғау үшін температура бақылаушысын құру принципі ұсынылды. Кілтті сөздер: электромеханикалық түрлендіргіш, имитационды модель, жылу қорғанысы, генератор, статор, температура.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mvci3135
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0