Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 441-452
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АЛДЫН-АЛУҒА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация · Abstract
"Соңғы жылдары суицид мәселесі әлемдік ауқымда жетекші орын алатыны анық. Осыған байланысты ҚР-да бірқатар жобалар мен бағдарламалар іске асырылуда. Десекте, ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша жасөспірімдердің суицидінің өсу серпіні байқалады. Жетекші мамандардың пайымдауында жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау педагог-психологтардың баланың мінез-құлқының психологиялық профилін құру дағдыларының жеткіліксіз болуында, оқушылардың көзқарастарын, құндылықтарын, уәждерін, жасөспірімдердің өмір салтын өзгерту дағдыларының жеткіліксіз болуы. Зерттеу мақсаты: психологиялық диагностика мен түзетудің әдістемелерін қолдану негізінде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудаға болашақ педагог-психологтар даярлығын қалыптастыру жүйесін әзірлеу. Мәселенің өзектілігі, жоғары әлеуметтік маңыздылығы авторға болашақ педагог-психологты психологиялық денсаулықты дамыту және оқушылардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу тұрғысынан даярлауды жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстың табыстылығы әзірленген материалдардың өңірлік айырмашылықтарды ескерумен; профайлинг құралдарын тәжірибеде пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталуымен; әлеуметтік тәрбие институттарының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруға, қоғамдық қолдауға бағдарлануымен; бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жүйесінің әзірленуімен негізделген. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдар және жасалған ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды педагог –психологтардың, сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтардың жұмыс тәжірибесінде, болашақ мамандарды даярлау процесінде, сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға болады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mtrh2790
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0