Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 211-226

"ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ТІЛІНІҢ ПРАГМАТИКАСЫ: МЕДИА СӨЙЛЕУ ТІЛІ МЕН ӘСЕР ЕТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ "

Б. Ғ. Қамбарова, Г. Қ. Абдирасилова, Ж. Т. Копбаева

Аннотация · Abstract

"Мақалада қазіргі интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желі тілінің прагматикасы, тілдік қатынас нормалары және оған кері әсер ететін стратегиялар қарастырылады. Желі пайдаланушыларының тілдік құралдарды қолданудағы түрлі стратегиялары, соның ішінде, эмоционалды-экспрессивті тәсілдер, хэштег, ирония, жаргон, көптеген қысқартулар мен аббревиатураларды қолдану, орфографиялық, синтаксистік және пунктуациялық нормаларды бұзу, әдеби емес лексиканы қалыптастыру, сөздерді жазу үшін бас әріптерді қолдану, эмотикондарды қолдану және эмодзилер арқылы аудиторияға әсер ету жолдарына назар аударылады. Интернет-коммуникацияның тілдік ерекшеліктері сөйлеу нормасына кері әсер ететіндігі анықталды. ХХІ ғасырдың басынан бастап интернеттің ғаламдық компьютерлік желісіндегі тілдік қарым-қатынас мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Әлеуметтік желі тілінің өзіндік ерекшеліктерін, лексикалық және стилистикалық әдістерді талдау арқылы ақпаратты ықшам әрі әсерлі жеткізудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Әлеуметтік желілерде қарқынды таралатын ақпарат ағымында әртүрлі мақсаттағы мәтіндердің орын алуымен бірге олардың мазмұны мен прагматикалық рөлі де арта түседі. Зерттеу нәтижесінде, әлеуметтік желі тілінің коммуникативтік тиімділігіне ықпал ететін факторлар анықталып, прагматикалық аспектілері қарастырылды. Кілтті сөздер: әлеуметтік желі, тілдік құралдар, хэштег, жаргон, ирония, қысқартулар, медиа коммуникациясы "

Сведения · Details