Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 1.2022, с. 239-251

АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАНЫҢ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

Е. Н. Дауенов, И. А. Комарова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жаһандық білім беру кеңістігіне көшуі, жаһандану мүддесінде өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын мемлекеттік құзыретпен және педагогикалық білім берудің аксиологиялық негіздері мен оның этнопсихологиялық ерекшеліктері арасындағы қайшылықтар мен сәйкессіздіктер анықталды. Зерттеу барысында философиялық білімнің аксиологиялық парадигмасы мәселесін жоғары этикалық және адамгершілік бағыттар, бұрынғы дәстүр бойынша тәрбиелеу арқылы шешуге болмайтындығы анықталды. Педагогикалық білім беру кеңістігінде өркендеп келе жатқан әлемдік ғылыми жетістіктердегі аксиологияның негізін іздеуде қоғамдағы екінші қазақстандық мәдени дәстүрлердің өзіне тән ерекшеліктерін қалай ескеру керектігіне назар аудару керек. Автор отандық және кеңес әдебиетіне практикалық талдау жүргізді, ғалымдардың еңбектерін қарастырды, бұл жұмыста қазақстандық мәдени дәстүрлердің өзіндік, ұлттық ерекшеліктері ескеріледі. 21 ғасырдың басындағы жаңа философиялық дүниетаныммен зерделенген тарихи-мәдени және қазіргі заманғы ғылыми еңбектер матрицаларда көрсетілген Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіне қатысты Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Р. С. Немовтың, С. Л. Рубенштейннің, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың рухани құндылықтары таксономияны құру үшін негіз болып табылатынын, функционалдық сауаттылықтың генезисі айқындалғанын, оның семиотика, семантика, синтаксис модульдерін қалыптастырудың қозғаушы күші болып табылатыны дәлелденгенін көрсетеді. Мақалада рухани құндылықтарды білім беру мазмұнынан саралау кезінде проблемалық, модульдік, кәсіби бағытталған технологиялар бірлігінде нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Сведения · Details