Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 3.2020, с. 163-174
ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫС КОНТЕКСТІНДЕГІ САКРАЛДЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ
Аннотация · Abstract
Мақалада жаһанданған ақпараттық ортада сакралды орындардың зерттелуі мен ақпараттық деңгейде таралуының теориялық-әдіснамалық аспектісі талқыланады. Қазіргі кезеңдегі және модернистік, посткеңестік уақыттағы философтар мен әлеуметтанушылардың салыстырмалы талдауларына шолу жасалады. Сакралды әлемнің шынайылығы мен әлеуметтік ортаға тигізетін әсері және діни-мистикалық тұжырымнан бөлек, тарихи кезеңдер арқылы, сакралдылықтың күнделікті әрекеттермен байланысы қарастырылады. Сондай-ақ, діни сананың қалыптасып, дүниеге, әлемге деген секулярлық көзқарастың тарапынан берілетін ғылыми ұстаным мен бағыттардың тұжырымдары алға тартылған. Қазіргі күрделі және құпия діни элементтердің күнделіктітілік арқылы дәлелденіп жатқан қарапайым немесе құпиялы тұстары, тылсым әлемнің жұмбақ сырларының ашылуы ғылымға да қызығушылық танытып отырғандықтан, сакралды әлемнің феномені қазіргі қоғамда өзіндік ерекшелікпен сипатталады. Сакралдылылық немесе киеліліктің феноменін ашу арқылы социумның мәдени ұстанымы, өмір сүру үлгісінің трансформациясы сақталып отырғандығы көрсетілген.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mrlo2927
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0