Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 167-179
"«АҚИҚАТ СЫЙЫ» ДАСТАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"
Аннотация · Abstract
"Бұл мақалада «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Х–ХІІ ғасырлардағы түркі әдеби шығармалар туралы бірқатар ғалымдардың еңбектері мен мақалаларында жалпы айтылғанымен, көркемдік ерекшеліктеріне тереңірек талдау жасалынған жоқ. Сондай ақындардың бірі – Ахмет Иүгінеки. Орта ғасырдағы ақын мұраларын зерттеуші ғалымдардың пікірлері сараланып, А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанының композициялық құрылымы мен өлең өрнегін, бейнелілік құралдарының өзіндік ерекшеліктері анықталады. Ақынның шығарма жазудағы шеберлігіне, шығарманың өлең өлшеміне, тақырыптық және идеялық-көркемдік ізденістеріне талдау жасалынады. Ахмет Йүгнекидің шығармасындағы ұлттық, тілдік ерекшеліктерді зерделеу арқылы авторлық ұстаным мен дүниетаным мәселелеріне, көркемдік-эстетикалық ізденіс сипаттары қарастырылады. Теңеу, эпитет, параллелизм, егіздеу, метафора және т.б. көркемдік құралдарды қолдануда қарахандық ақынның ұсталығы, шеберлігі нақты мысалдармен зерделенеді. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mrhq2950
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0