Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 365-377

В. В. РАДЛОВ СӨЗДІГІ: АРАБ, ПАРСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕКСИКОГРАФИЯЛАНУЫ

А. Сейітбекова, М. Малбақов, Г. Мамырбек, С. Құлманов

Аннотация · Abstract

В. В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» сөздігі (бұдан әрі Радлов сөздігі) – XIX–XX ғғ. түркі халықтарының лексикасын қамтыған түркология саласындағы бірегей лексикографиялық еңбек. Әсіресе қазақ лексикасының қалыптану мәселесін зерттеуде құнды материалдардың бірі болып саналады. Қазақ лексикасының бір қабаты кірме сөздер екенін ескерсек, оның ішінде араб, парсы сөздерінің В. В. Радлов сөздігінде лексикографиялану дәрежесі, семантикалық ерекшелігі, қазіргі қазақ тілінде қалыптану мен қайта жаңғыру мәселелерін арнайы саралауды, талдауды қажет етеді. Мақаланың мақсаты – В. В. Радловтың сөздігіндегі араб, парсы сөздерінің лексикографиялану, қазіргі қазақ тілінде қалыптану үдерісін талдау. Бұл мақсаттан мынадай міндеттер келіп шығады: сөздіктегі араб, парсы сөздерін лексикографиялану ерекшеліктерін сипаттау, топтастыру; араб, парсы сөздеріне лингвостатистикалық талдау жүргізу; араб, парсы сөздерінің қазіргі қазақ әдеби тіліндегі сабақтастығын, қалыптану үдерісін талдау. Зерттеу нәтижесінде лингвостатистикалық әдіс негізінде қазақ лексикасындағы араб, парсы сөздерінің саны анықталады; В. В. Радловтың сөздікке алған араб, парсы сөздерін лексикографиялауда өзіндік ұстанымдары айқындалады. Зерттеудің практикалық мәні: Қазіргі қазақ тіліндегі кірме араб, парсы сөздіктерін құрастыруда, сондай-ақ Қазақ тілінің ұлттық корпусының «Тарихи ішкорпусындағы» ауыз әдебиеті үлгілері мәтіндерінің метабелгіленімдерін әзірлеуде септігін тигізеді. Кілтті сөздер: Радлов сөздігі, араб, парсы, сөзтізбе, тарихи лексикография, кодификация.

Сведения · Details