Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 3, 2025, с. 191-207
ОРТА МЕКТЕПТЕ «СТАТИКА ЖӘНЕ ГИДРОСТАТИКА» ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация · Abstract
Мақалада орта мектепте «Статика және гидростатика» тарауын оқытуда заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылған. Оқушылардың «Статика және гидростатика» тарауы бойынша білімдерді игеруін жеңілдетуге мүмкіндік беретін интерактивті құралдар, симуляциялық бағдарламалар мен онлайн платформалардың ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Аталған ақпараттық технологиялардың оқу процесіндегі рөлі мен маңыздылығы қарастырылып, білім сапасына тигізетін әсері келтірілген. Физиканы оқытуда заманауи технологияларды қолданудың тиімділігі оқушылардың бойында практикалық және техникалық дағдыларды, шығармашылық тұрғысынан ойлауды қалыптастыру мен дамыту мақсатында қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты – орта мектепте физиканы оқытуда ақпараттық технологиялардың, соның ішінде интерактивті платформалардың, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын қолданудың тиімділігін айқындау. Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылды: 1) зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми-әдістемелік материалдарға, Қазақстан Республикасының ағарту министрімен бекітілген жалпы орта білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасау; 2) орта мектепте физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; 3) орта мектепте «Статика және гидростатика» тарауын оқытуда виртуалды зертханаларды тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қолданудың әдістемесін әзірлеу. Зерттеу жұмысын жүзеге асыруда физика пәні мұғалімдері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы өткізу үшін Google Forms жүйесі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде: 1) орта мектеп физика мұғалімдерінің арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес оқу процесінде жиі қолданылатын ақпараттық технологиялардың түрі анықталынды; 2) орта мектепте «Статика және гидростатика» тарауын оқытуда виртуалды зертханаларды тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қолдану әдістемесі ұсынылды. Қорытынды ретінде берілген әдістемелік ұсыныстар педагогикалық практикаға құнды үлес қосады. Кілтті сөздер: физика, ақпараттық технологиялар, виртуалды зертханалар, қолданбалы бағдарламалар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mpsj2907
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0