Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 348-360
ӘЙЕЛДЕР КИІМІ МЕН СӘНІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада тіл біліміндегі ұлттық киім және сәндік бұйымдар лексикасының зерттелуі қарастырылады. Жалпы әр халықтың ұлттық киімдері сол халықтың рухани өмірінің әртүрлі салаларымен, соның ішінде эстетикалық және діни-магиялық идеялармен байланысты болып келетіндігі жайлы баяндалады. Халық киімі мен сәндік бұйымдарынан халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның әлеуметтік құрылымы, әрбір этноәлеуметтік топтың өмір сүру жағдайлары көрініс табады. Халықтың салт-дәстүрі ғана емес, киімдері және әшекей бұйымдары да көршілес халықпен сан алуан өзара байланыстары мен ықпалының әсерінен де өзгеретіндігі байқалады. Киім қоғам болмысының ең маңызды атрибуттарының бірі болғандықтан, өмірдің осы саласына қызмет ететін сөздік құрам тұрақты динамикада және тіл қолданушылардың тезаурусында негізгі орынды алады. Әйелдер киімі мен сәніне байланысты лексика тілдік қорымыздағы өзіндік орны мен сыр-сипаты бар, күрделі әрі жүйелі категория болып саналады. Өйткені олардың атаулары бір қарағанда жалаң грамматикалық нысан болып көрінгенмен, тамыры алыста жатқан, халықтың ұзақ тарихымен төркіндес, оның рухани, мәдени өмірімен астарласа келіп, эстетикалық талғам-таныммен, ұлт психологиясымен, салт-сана, әдет-ғұрпымен ұласатын қоғамдық, философиялық, этнолингвистикалық мәні зор мәселелер қатарына жатады. Мақалада сән ұғымына байланысты терминдер қарастырылады. Киім атаулары мен сән ұғымына қатысты терминдер қазақтың байырғы сөзінен жасалған, арнайы бектілгеннен бері белсенді қолданыста екендігі айтылады. Қазіргі қазақ тілінде сән үлгілеріне байланысты лексемалардың біршамасы басқа тілден енгендігі анықталды. Басқа тілден енген киім,әшекей бұйым атауларын байырғы ұлттық әшкей атауларымен беруге боатындығы жайлы ұсыныс беріледі. Кейінгі кездері кейбір сәндік бұйымдар қазақ тіліне аударылып жүр, мысалы ободок – шаш қайырғыш шеңберлер деп аталады. Қолданысқа кеңінен енбесе де, көпшілікке таныс бола бастады. Маңдайша – сәукеленің маңдайына тағылатын асыл тасты күміс әшекей, ободок осы маңдайшаға ұқсас, сондықтан маңдайша сөзімен алмастыруға болады. Кілтті сөздер: лексика, этнолингвистика, этнонимдер, зергерлік бұйымдар лексикасы, этимология, кірме сөз.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/movg7201
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0