Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 42-51
Бастауыш сыныпта пәнді ағылшын тілінде CLIL технологиясы арқылы кіріктіріп оқыту
Аннотация · Abstract
CLIL – бұл инновациялық білім беру тәсілі, ол білім алушыларға білуді ғана емес, мазмұнға да, тілге де назар аударуға мүмкіндік береді. «Бұл тәсіл тарих, география немесе басқа да пәндерді қосымша тіл арқылы зерделеуді көздейді. Бұл – тілдерді және басқа да пәндерді оқыту тиімділігін арттыруда өте табысты болуы мүмкін, ал жасөспірімдер өздерін тіл үйренуші ретінде қарастыра алады». CLIL шет тілі мен мазмұнын кешенді оқытуға негізделген жаңа білім беру тәсілін көздейді. Шет тілі оқытуды ынталандыратындай етіп оқытылады. Оқыту дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар тиімді лингвистикалық және коммуникативтік оқыту үшін маңызды болып табылады. Осы себепті, Мехисто және т.б. (2008) мәлімдегендей, CLIL әдісі білім берудегі жақсы тәжірибемен тығыз байланысты: «CLIL-ді білім берудің стандартты тәжірибесінен ажыратуға болмайды. CLIL – бұл субтродуктивті емес, оқу ортасын байытуға бағытталған құндылықтар». Осы жұмыста CLIL-ді бастауыш мектептерде тиімді енгізу, CLIL-де қолдануға болатын шет тілін ертерек оқыту үшін сәтті болған оқыту әдістері ұсынылған. Сол сияқты, білім берудегі озық тәжірибе мен мектеп пәндерін оқытуда тиімді қолданылған әдістер CLIL-де қолданылуы мүмкін және олар осы мақала бетінде ұсынылады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/mktr3947
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0