Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 199-211

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ «ҚАРТҚОЖА» РОМАНЫНДАҒЫ ХАРАКТЕР ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ

А. Ф. Зейнулина, Б.Т. Куанышева, Б. Р. Кожахметова

Аннотация · Abstract

Аталмыш мақалада Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы тарихи, әлеуметтік саяси кезеңіндегі қарапайым қазақ шаруасының күйін эпикалық үлгіде көркем бейнелеген шығармашылық шеберлігі мен авторлық позициясы қарастырылады. Сонымен қатар төңкеріс алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі қазақ шаруасының тіршілігі, кейінгі талпыныстары мен тартыстары, сондай-ақ қоғамдық теңсіздікті ұғынып, әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуіндегі нанымды бейнелерінің характерлеріне, мінез болмыстарына көркемдік талдау жасалынады. Шығарма тарихтың осы бір тауқыметті кезеңінің шындығын жасырмай, шынайы суреттей алуымен де бағалы. Жазушының романдағы тіл образдылығы, ой дәлдігі және сюжеттік құрылымдарды суреттеудегі шеберлігіне баға беріледі, жазушы шеберлігін айқындап, стиль ерекшелігін даралай түсетін суреткерлік қабілеті мен образ жасаудағы шығармашылық ерекшелігі сөз болады. Жазушы ерекшелігі – тұлғаның жеке басының қасиет, мінезіне емес, шығармашылық психологиясына, көркем ойларын жеткізудегі өзгеге ұқсатпай салған соқпағы мен стильдік көп палитрлі таңбасында қарастырылады. Жазушының айқын қолтаңбасын, даралығын танытатын қажетті шарт, яғни хас белгі – суреткер парасатының ұшандығы, дарын қуатының молдығын таныту мақсаты қойылады. Жазушының көркем жасампаздыққа әкелген яғни, өз шығармаларында қолданған түрлі шеберлік әдістері – кейіпкер тұлғасын, автор көзқарасын тереңдете түсетін психологиялық сараптаулар, деталь шындығы, өмір құбылысын суреттеудегі ықшамдылық, жинақылық, шешендік бәрі-бәрі ұштаса келіп жазушы шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін танытатын белгілер ме, фактілер жиынтығы анықталады. Кілтті сөздер: роман, психологиялық образ, кейіпкер, авторлық позиция, көркемдік ерекшелік, композициялық көркемдік, ұлттық болмыс.

Сведения · Details