Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2023, № 4,2023, с. 189-201

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

К. Б. Сатымбекова, С. С. Ахметова, Г. А. Муратбаева, А. Б. Тоймаханбет

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада мемлекеттік аудитті цифрландыру жағдайы мен оны жетілдіру жолдары қарастырылған. Экономиканы цифрландыру қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігі цифрлық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқаруды толық цифрландыру оны қолдану үшін маңызды, әрі қажет болып отыр. Қазақстанда интеграцияланған цифрлық ақпараттық платформаны ұйымдастыру үшін өтпелі цифрлық технологияларды пайдалану бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта үлкен жұмыс жүргізілуде.Сондай ақ озық шетелдік тәжірибе зерделеніп, Финляндия цифрлық дамуды мықтап қолға алған. Бұл елде мемлекеттік аудит бойынша жоғарғы орган болып Финляндияның аудит жөніндегі ұлттық кеңсесі (ФАҰК) (The National Audit Office of Finland (NAOF) табылады. Финляндияның аудит жөніндегі ұлттық кеңсесі жаңа стратегия көмегімен өзгерістер мен инновацияға қадам жасаған. Стратегияның ерекшелігі сонда, ол ұзақ мерзімді жоспарлау ғана емес, ол ең алдымен өз қызметкерлеріне арналған мәлімдеме болып отыр. Осы стратегия арқылы мемлкеттік басқарудың инновациялық жаңаруын қамтамасыз етуге бағыт алды. Осылайша өз қызметкерлерін үлгі етіп, инновациялық жаңартуды мәлімдеді.осы тәжірибені мақалада зерттеп көрсеттік. Ал Қазақстан экономикасы үшін салыстырмалы түрде жаңа мемлкеттік аудитті цифрландыру арқылы көптеген мәселелерді шешуге бағыт алуға болатынымыз туралы осы мақалада айтылады.

Сведения · Details