Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 450-459

"ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ АЙТЫСЫНДАҒЫ СӨЗ БЕН САЗДЫҢ ҮНДЕСТІГІ (Ақын Аманжол Әлтаев айтыстары негізінде) "

Г. Т. Тлеубердина, Т. Берікбол, Ә. Б. Манас

Аннотация · Abstract

"Мақала 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми жобалар конкурсында «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» басым бағыты бойынша АP 19574645 «Қазіргі қазақ айтысының типологиясы мен поэтикасы» тақырыбындағы жоба аясында жазылды. Мақалада қазіргі ақындардың бірі, Қарағандылық суырыпсалма ақын Аманжол Әлтаевтың айтыстары зерделенеді. Ақынның Серікзат Дүйсенғазымен, Әселхан Қалыбековамен, Ермек Жұматаевпен, Ақмарал Леубаевамен айтыстары негізге алынды. Ақынның жұп болған айтыскерлерімен сөз додаға түскен сәттегі ұтымды ойлары мен сөз қолданыстары, тарихи-әлеуметтік, қоғамдық, саяси, әдеби мәселелерге байланысты өміршең тақырыптарды негізгі нысанға ала отырып, кейінгі жастардың тәлім-тәрбиесіне, отбасы құндылықтарын қастерлеп, жас ұрпақтың тарих пен әдебиетті сабақтастықта танып, ұлттық болмысты айырылмауды үндеген айтыс мәтіндеріндегі қастерлі ойлары сараланады. Қазақ салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларын қайта жаңғыртып, айтыстарында тәлім-тәрбиеге көңіл аудартады. Ақынның айтыстарындағы этнографизмдердің қолданысы талданады. Ақынның сөз саптау ерекшелігі, сөз жарысы өнерін игерудегі суырыпсалмалық шеберлігі, ақындық қолданысындағы көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Аманжол Әлтаев айтыстарындағы этнографизмдер қазақтың бай рухани мәдениеті мен тарихынан көрініс береді. Мақала тақырыбының жаңашылдығы мен құндылығы тұрмыстық салтқа қатысты этнографизмдердің ұлттық мінезді танытатын салт-дәстүрлердің ақын тілімен берілуімен ерекшеленеді. Кілтті сөздер: айтыс, Аманжол, этнографизмдер, салт-дәстүр, тәрбие, айтыскер, қазақ халқы. "

Сведения · Details