Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 4.2025, с. 62-78

ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ТАНУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ

Д. Ж. Хабсихова, Ұ. Ж. Айтимова, А. У. Есиркепова, Г. Ж. Өтеген, Т. Т. Каракеев

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстандағы туризм саласын цифрландыру үдерісі мен қазіргі таңда өзекті болып есептелетін жасанды интеллект технологияларын туризм саласымен байланыстыру мәселелері, атап айтқанда, жасанды интеллект технологияларын енгізудің ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, жасанды интеллектке негізделген туристік нысандарды тану жүйесін әзірлеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу барысында кескіндерді өңдеуге бағытталған заманауи архитектуралар сарапталды. Олардың ішінен MobileNet моделі есептеу дәлдігі есебінен оңтайлы шешім ретінде таңдалып, оның классификация дәлдігін арттыру үшін Support Vector Machine (SVM) әдісімен біріктірудің теориялық негізі қарастырылды. Тәжірибелік бөлімде жүйенің бастапқы прототипі жасалып, туристік нысандар бейнелерінің визуалды сипаттамалары мен тану дәлдігі арасындағы өзара байланыс корреляциялық талдау арқылы бағаланды. Алынған нәтижелер кескін сапасы, жарықтық және контраст параметрлері тану дәлдігіне айтарлықтай әсер ететінін көрсетті (r = 0.82 дейін). Зерттеу нәтижелері туристік нысандарды автоматты тану жүйесін одан әрі жетілдірудің ғылыми негізін қалыптастыра отыра, оның қолданбалы әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық туризм саласында цифрлық шешімдерді енгізудің тиімділігін негіздеп қана қоймай, болашақта жаңа буын смарт-жүйелерді құруға ғылыми-әдістемелік база ретінде қызмет ете алады. Кілтті сөздер: цифрлық туризм, жасанды интеллект, туристік нысандарды тану, MobileNet, Support Vector Machine (SVM), кескіндерді өңдеу, корреляциялық талдау

Сведения · Details