Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 512-525

ТАРИХИ ЖЫРЛАРДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ

Г. Т. Тлеубердина, Б. С. Рахимов, Г. С. Бөкен, С. Ж. Шахина

Аннотация · Abstract

Бұл еңбектің басты мақсаты тарихи эпостардың ерекшелігі мен маңызын, эпостағы тұлғалар образын ғылыми тұрғыдан талдау. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға тарихи эпос туралы түсінік беру; тарихи жырлардағы батырлардың образын ашу; осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралап, ғылыми ақпарат беру; жас ұрпаққа қаһарман батырларды таныту, қоғамға насихаттау міндеттері қойылды. Тарихи жырлардың жиналуы, жүйеленуі, жарыққа шығуы, одан әрі тарихи жырлардың ерекшеліктері, тегі мен дамуы, тұтастану үрдісі, сонан соң батырлар жыры мен тарихи жырлардың ортақ белгілері және айырмашылықтары сияқты мәселелерге ден қойылып, тың ой-тұжырымдар жасалды. Әсіресе, XVIII ғасырдағы оқиғаларды бейнелетін тарихи жырлардың көркемдік сипатын саралау барысында авторлар поэтикалық терең талдаулар жасап, сюжет пен деректілік сияқты мәселелерге тоқталды. Зерттеу нысаны ретінде Ер Олжабай, Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Өтеген батырлар жайлы тарихи жырлар алынды. Аталған тарихи жырлардағы көркемдік шындық мен тарихи шындық мәселелері қарастырылды. Ел болашағын, егемендігін аңсаған батырларды дәріптейтін тарихи жырлардың маңызы жазылды. Зерттеу жұмысын жазу барысында тарихи-салыстырмалы, анализ-синтез сынды әдіс-тәсілдер қолданылды. Кілтті сөздер: тарихи жыр, тарихи тұлға, образ, тарихи шындық, көркемдік шындық, еркіндік, саяси жағдай, халық

Сведения · Details