Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2020, № 4.2020, с. 106-117

Қазіргі Қазақстан әйелдерінің кәсіпкерлігінің ерекшелігі (тереңдетілген сұхбат нәтижелері бойынша)

Айгуль Аманжановна Бейсенова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада автор Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасу мәселелерін қарастырады, әйел кәсіпкерлер жолында кездесетін негізгі проблемаларды талдайды. Ел экономикасының нарықтық қатынастар негізінде құрылуы мен дамуы әйелдердің экономикалық белсенділіктеріне байланысты екендігі барлығына мәлім. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту деген ол әр түрлі әлеуметтік топтарды белсенді экономикалық әрекетке тарту деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда кәсіпкерліктің дамуы көп жағдайда жеке адамның өзіне тікелей байланысты болып келеді. Соның ішінде, ерекше орын әйелдерге беріледі. Қоғам әйелдердің отбасындағы міндеттерін, кәсіби қызмет саласындағы жұмысын сонымен қоса қоғамдық міндеттердің ұштасуын талап етеді. Ұлттық экономика министрлігінің статитика комитетінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ ер азаматтарға қарағанда әйелдер сауда-саттық, тамақтану және с.с. қызмет көрсету салаларында жетекшілік етуде. Соған қарамастан, олардың кәсіби мансаптарын құрылуы көптеген кедергілерге тап болады.Әйелдердің еңбегі төмен деңгейінде бағаланады, еңбек нарығындағы гендерлік асимметрия мен гендер бойынша кәсіптік сегрегація арқылы көрінеді: ер адамдар өзін-өзі сенімді және жоғары мәртебелі секторларда (қаржы, несие, құрылыс, басқару органдары және с.с.), ал әйелдер табыс деңгейі төмен салаларда жұмыс істейді (білім, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бейресми сектор). Осы мақалада автор Қарағанды ​​облысының кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен жүргізілген терең сұхбат материалдарына сүйене отырып, олардың кәсіби қызмет ету салларында орын алатын қиындықтар мен кедергілерді ажыратып, қарастырады, сонымен қатар әйелдің отбасылық жағдайы мен оның іскери табысы арасындағы байланысты анықтайды.

Сведения · Details