Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 345-357
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ДОМБЫРАШЫ-СТУДЕНТТЕРДІ ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕССІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Аннотация · Abstract
"Бүгінгі таңда қазақстандық музыкалық білім беру жүйесіндегі домбырашы-орындаушыларды дайындау процессі үнемі даму үстінде. Осыған орай, білім беру стратегиясы да өзгеруде. Қазіргі ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау стратегиясы құзыреттілік тәсілдің басымдылығына және студентке орталықтандырылған оқытуға (студентоцентированное обучение) негізделіп, кәсіби қызмет ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Қазіргі кезде ЖОО-да домбырашы-студенттерді дайындау күрделі, әрі көпқырлы процесс. МЖБС-да көрсетілгендей, заманауи домбырашы орындаушылық-технологиялық шеберлігі жетілген музыкант-орындаушы ғана емес, домбыра орындаушылық өнерін үйрететін педагог, шығармашылық процессті ұйымдастыратын менеджер, домбыра өнеріндегі мәселелерді қарастыратын зерттеуші. Сондықтан оқу процессінде домбырашы-студенттің орындаушылық шеберлігін жетілдіруін, педагогикалық бағытты меңгеріп, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыруын және ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласуын қамтамасыз ету керек. Зерттеу барысында 6В02142 «Халық аспаптары» (домбыра) білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметте ең қажетті және жеткілікті деген құзыреттіліктері алғаш рет анықталып, оларға сипаттама берілді және оқу процессінде апробацияланды. Болон процессінің талаптарына сәйкес, домбырашы-студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда студентке орталықтандырылған оқыту тәсілдерін іске асыру, яғни, студенттің өздігімен білім алу, өз оқу траекториясын таңдау дағдыларын дамытып, студенттің оқу процессі үшін жауапкершілігін арттыру бүгінгі күнгі аса өзекті мәселелердің бірі. Осыны ескере, ЖОО-да домбырашы-студенттерді кәсіби қызметке дайындау процессінде білім беру мазмұны кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы, яғни, оқу пәндері кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру стратегиясын ұстануы маңызды болып табылады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/memy5880
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0