Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 257-271

CӨЙЛЕУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАМАСЫ

А. К. Касенова, Г. К. Исмагулова, М. С. Кулахметова, Б. К. Жанжаксинова

Аннотация · Abstract

Мақалада гендерлік лингвистика саласындағы ерлер мен әйелдердің сөйлеу мәнеріндегі айырмашылықтарды лингвистикалық тұрғыдан зерттеу әрекеті жасалды. Гендерлік зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін жүйелі зерттеудің толықтыруы әрі заңды жалғасы. Өйткені олар сөйлеу тілінің барлық деңгейлерін (грамматикалық және фонетикалық деңгейлерін) қамтиды. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас саласы (отбасы, достар ортасында) үшін де, көпшілік алдында сөйлесу үшін де, сөздік коммуникацияның тиімділігіне қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Отандық лингвисттер ер‑жыныс ерекшеліктерін 1990‑жылдардан зерттеп, бүгінгі таңда психо‑, этно‑ және социолингвистикалық аспектілерін кешенді түрде қарастыру қажеттігін атап көрсетеді. Зерттеу мақаласында гендер ұғымының философиялық, тарихи және мәдени негіздерін шолып, гендерлік сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторларды зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне тоқталды. Зерттеу жұмысының эмпирикалық базасы ретінде қазақ тіліндегі ер мен әйел қатысқан подкаст эпизодтары таңдалып, транскрипциялау әдісі арқылы мәтінге түсірілді және оларға грамматикалық және фонетикалық жүргізілді. Ер мен әйел сөйлеуіндегі айырмашылықтар контрастивті әдіс арқылы салыстырмалы кестелер жүйеленді және гендерлік сөйлеудің әлеуметтік рөлі, мәдени контекспен байланысы мен тілдік тұлғаға әсері көрсетіліді. Кілтті сөздер: гендерология, сөйлеу мәнері, гендерлік айырмашылықтар, маскулиндік дискурс, сөйлеу стилі, мәдени ерекшелік, коммуникация стилі, грамматикалық талдау.

Сведения · Details