Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 392-403
ДРАМАТИЗМНІҢ ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ ПОВЕСТЕРДЕГІ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада жазушы Д. Досжанның «Үрей» повесінің негізгі идеясы мен авторлық ұстаным, сондай-ақ шығарманың мазмұны мен пішін бірлігі сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылған. Туынды құрамындағы драматизм, оның туындау, айқын шарықтау сәттері, оған себепкер болған жайттар бейнеленген. Аталмыш мақала адам адам болып жаратылғаннан бері ымырасыз тартысқа түсіп келе жатқан жақсылық пен зұлымдықтың текетіресін, одан туындайтын түрлі драмалық коллизияларды әр кейіпкердің таным, көзқарас, ниет, мінез, пиғылы мен іс-әрекетін көрсету арқылы яғни солармен тығыз байланыста, органикалық бірлікті көрсетуге арналған. Драматизмнің әдеби-эстетикалық ұғым ретінде повесть жанрында алатын өзіндік орнын айқындау мақаламыздың мақсаты болып табылады. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, типологиялық байланыс әдістері қолданылды. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдар, бұрын бәлендей нарықтық қатынасқа қатысты тәжірибесі жоқ жас мемлекеттің аяғынан тік тұруы, басқа елдермен байланысы, атқарушы биліктің жұмысы, іскер, білікті, рухани тұрғыдан биік, таза жандардың белсенділігі, сонымен қатар, озық та озат идеяларға қарсылық, тасада тұрып тас ату т.б. келеңсіз жайттар алуан түрлі драмалық коллизиялар ауқымында көрініс тапқаны ғылыми тұрғыдан дәйектелген. Зерттеудің нәтижесінде негізгі идеяны оқырманға ұсыну барысында қаламгер қолданған көркемдік тәсілдер жүйесі тиісті саралаудан өтті. Сонымен қатар, драматизмнің әдеби-эстетикалық ұғым ретінде повесть жанрында алатын өзіндік орнының ерекшеліктері талданды. Кілтті сөздер: эстетика ұғымы, типология, тартыс, жанр, жалғастық қырлары, идеялық бағыттастық, сарындастық.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lzsq5460
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0