Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 2.2024, с. 167-178
ВАРИАТИВТІ ҚЫСЫМДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚАБЫҚ ПІШІНДЕРІНІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Аннотация · Abstract
Құю сапасын анықтайтын маңызды технологиялық процесстердің бірі – құю қалыптарын жасау. Мақалада құм-шайырлы қалып (ары қарай – КШҚ) арқылы жоғары сапалы құймаларды алу мәселесінің қазіргі жағдайына талдау жасалынады. ҚШҚ арқылы минималды пайызбен сапалы құймалар жасауға мүмкіндік беретіні анықталды, бірақ мұндай құю қалыптарының кемшілігі байланыстырғыштың жоғары құны – термореактивті шайыр пульвербакелит. Негізгі бағыттардың бірі қалыптың құнын төмендету үшін байланыстырғыш құрамын азайту арқылы анықталынды, демек, тұтастай алғанда құю қалыптау процесінде қысымды қолдану арқылы төмендетуге болатыны анықталды. Зерттеулер ҚШҚ құрамындағы байланыстырғыштың құрамын азайтуға мүмкіндік беретін вариативтік қысымды қолдану жағдайында технологиялық режимдерді пысықтауға бағытталған. Осыған байланысты қалыптарының қасиеттерін және олардың бүкіл көлемде біркелкілігін реттеуді қамтамасыз ететін технологиялық процесті жетілдіруге бағытталған зерттеулер өзекті болып табылады. Құю қалыптарын өндірудегі маңызды мәселе – олардың құрамы болып табылады. Дәстүр бойынша қалыптардың негізгі компоненттері толтырғыш (кварц құмы) және байланыстырғыш (шайырдың бір түрі – пульвербакелит) болып табылады. Негізгі компоненттерден бөлек керосин және техникалық спирт секілді қоспаларды зерттеуде қолданылады. Зерттеулерде шайыр жойылған кезде фенол мен аммиактың бөлінуіне байланысты жұмыс орнында санитарлық-гигиеналық нормалары қатаң сақталады. Барлығы 20-ға жуық дереккөз талданды. Кілтті сөздер: құм-шайырлы қалып, пульвербакелит, құйма, вариативті қысым, сапа, құю өндірісі.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lyln8169
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0