Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 1,2024, с. 109-117
КӘСІПШІЛІК ҚҰБЫР ЖЕЛІСІНІҢ ТОТТАНУҒА ТӨЗІМДІЛІК ҚАБІЛЕТІЛІГІН ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде мұнай газ және су арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан, минералдар мен көмірсутектердің тоттығуынан өндірілетін шикізаттардың химиялық құрамы өзгеріп, қондырғылардың тоттанып бұзылуна әкеледі. Тоттануға төзімді құбырларды енгізуді іске асыру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Өнеркәсіптерінде тоттануға төзімді құбыр жолдардың істен шығуын талдауы түрлі себептердің бұзылуын анықтайды. Қазіргі уақытта тоттануға-төзімді құбырлар табысты өндіріледі және компания өнеркәсіптерінде, қолданыстағы құбыр жолдары паркінің үштен бірін құрап, қолданылады. Тоттануға төзімді құбырларды енгізу бойынша қадағалауды іске асыратын мамандар құбыр жолдарының өндірісі, пайдаланылуы және апаттығы туралы мәліметтерді жинау және талдау жүйелі жүргізіледі. Осы жағдайлардың алдын алу үшін конструктивті кемшіліктерді жоюдан басқа болат құбырлардың металл сыйымдылығын құлдырауынан маңызды экономикалық әсерге қол жеткізілді. Тоттануға төзімді құбырлардың істен шығуының себептерін талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады. Сондай-ақ аталған кемшіліктерді құбыр құрылымынан жою мүмкін емес. Мұнда аяқталмаған түйіндерді ауыстырудың балама нұсқаларын ескере отырып, осы мақала аясында икемді полимерлі металл құбырлары болған жағдайда тұжырымдамасы жасалады. Тоттануға төзімді құбырлардың бұзылуы және істен шығуының барлық жағдайлары бойынша техникалық тергеу жүргізіледі: техникалық құжаттамаларды зерттеу және талдау, істен шығу жерлерін қарау, үлгілерді жинау және зерттеуге жіберу, зертханалық зерттеулер, бұзылыстың сипаты мен себебі туралы мәліметтерді талдау. Кілтті сөздер: тоттануға төзімді, құбырлар, икемді полимерлі-металды, тасымалдау желілері, істен шығу.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/luum9785
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0