Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 3,2025, с. 468-478

Солтүстік Кавказ аймағындағы түркі халықтары драматургиясының тууы мен дамуы және дәстүр жалғастығы

Ә. Қ. Шапауов, Р. Н. Бегалиева, М. Ә. Қабыкен, Е. И. Туровская, А. О. Қадыралиева

Аннотация · Abstract

Мақалада қарастырылғалы отырған өзекті мәселе – Солтүстік Кавказ өңіріндегі түркі тектес халықтар ноғай, қарашай, балқар, гагауыз, құмық, қарайым сияқты халықтардың алғашқы қолжазба драмалық шағын пьесаларының тууы, қағазға түсуі, қалыптасуы, жариялануы мен сахналану өнерінің бастауы және даму ерекшеліктері зерттеледі. Қолжазба, қазіргі пьесаларының көркемдік шеберлігі мен идеясы және қазақ халқымен мәдени-рухани байланысы, интеграциясы, ұлттық-этникалық идеялар парадигмасы драматургия, театртану заңдылығымен зерделенеді. Зерттеуші авторлар жоғарыда аталған халықтардың алғашқы шағын пьесалардың жанрлық ерекшелігін, тартыс пен мінез мәселелерін көркемдік шеберлік тұрғысынан талдайды. Сонымен қатар сахналану, бейне сомдау, актерлік шеберлік мәселелеріне де тоқталып салыстырмалы түрде саралайды. Мақалада алғашқы қолжазба сахналық қойылымдар мен қазіргі кәсіби театр өнерін жаңа ғылыми парадигма негізінде салыстырмалы түрде сөз болады. Түркі халықтарының драма және театр өнерінің мәдени-рухани ынтымақтастықты арттырудағы рөлінің маңызды екенін ескеріледі, зерттеудің теориялық-әдстемелік негізі жасалынады. Кавказдың солтүстік аймағындағы түркі халықтарының драматургиясы мен театр өнерін зерттеу жүзеге асады. Аталған тақырып бойынша осындай зерттеу жұмыстары осы уақытқа дейін екі ел арасында халықаралық деңгейде арнайы зерттеу болмағаны дәлелденеді. Кілтті сөздер: драматургия, ноғай, қарашай, құмық, қарайым, өнертану, әдеби байланыс.

Сведения · Details