Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2022, № 4.2022, с. 41-54
ТАБЫНДЫҚ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ GPS–ТРЕКЕРЛЕРДІҢ ДЕРБЕСТІЛІГІ МЕН ДӘЛДІГІН БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
"Табыншылардың жұмысын заманауи GPS трекерлерін қолдану арқылы жеңілдетуге болады. Нарық жануарларды бақылайтын GPS трекерлерінің алуан түрін ұсынады, трекерлер жетілдірілуде, ұялы телефоннан спутниктік байланысқа дейінгі GPS деректерін жіберу арналары көбейіп келеді. GPS координаттарын бағалаудың дербестігі мен дәлдігі, трекерлерге қызмет көрсету және пайдалану ыңғайлылығы табыншылар мен шаруа қожалықтарының иелері үшін өте маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта жылқыларды бақылау үшін GPS трекерлерінде өте аз зерттеулер ұсынылған, өндірушілердің тікелей табыншылардың талаптарына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының жылқы шаруашылықтарында заманауи GPS–трекерлерді салыстырмалы бағалау жүргізілді, сондай–ақ GPS координаттары мен дербестігін өлшеу қателігі сияқты негізгі сипаттамалар есептелді. Алғаш рет GPS деректерін арналар арқылы берудің әртүрлі принципі бойынша жұмыс істейтін трекерлер бағаланды: GSM, LoRa, VHF, спутниктік байланыс. Зерттеу кезінде қуат пен автономияны есептеу үшін токты өлшеу құралдары қолданылды. GPS координаттарының дәлдігін бағалау барлық 5 түрлі трекер орнатылған бақылау координаттарымен анықталды. Зерттеу нәтижелері GPS өлшеудің есептелген мәндерінің 98 % ықтималдықпен дәлдігін және дербестігін көрсетті. Трекерлер нағыз жылқы фермаларында далада сынақтан өтті. Кілтті сөздер: трекерлер, GPS, дербестілік, дәлдік, табындық жылқы шаруашылығы. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lsjp5709
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0