Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 237-246
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық идея
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық идея мәселесі көтеріліп, сол заманда өмір сүрген тарихи тұлғалар бейнесі арқылы тарихи шындықтың суреттелуі талқыланады. Автор ұлттық идея және замандас бейнелері ұғымдарын қатар қарастырып, олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Ақын шығармашылығына қатысты ұлттық идея аясында жасалған зерттеулер сараланып, осы бағыттағы жаңашылыдығы мен ерекшелігін сараптауға талпыныс жасалады. Бұған дейінгі мәшһүртану саласындағы, отандық және шетел әдебиеттану ғылымындағы ұлттық мүддеге қатысты зерттеулер қарастырылып, ортақ заңдылықтар мен ерекшеліктер айқындалады. Ақынның «Мына заман» өлеңі талданып, көркемдік-идеялық тұрғысынан бағаланады. Қоғамда орын алған ірілі-ұсақты мәселелерді аша отырып, сол заманның тыныс-тіршілігі ашылады. Ақынның бірнеше тұлғалардың өмір сүру кезеңдерін сипаттай отырып, сол уақыттағы құбылыстарды көрсетуге назар аудартады. Ақынның ішкі түйсігі, пайымы арқылы сол заман бағдарын танудағы пәлсапалық танымы зерделенеді. Сонымен қоса ақын шығармаларындағы тарихта есімі белгілі замандас тұлғалардың бейнелері талданып, образдың тұлғалық қасиеті тұрғысынан сарапталады. Сол сияқты ақын еңбектерін замандас бейнесі тұрғысынан кеңінен зерттеулерге бағытталуы жөнінде ой тасталады. Өз заманындағы қайраткер тұлғалар бейнесі сараланады. Кілтті сөздер: Мәшһүр Жүсіп, ұлттық идея, тарихи тұлға, замандас бейнесі, тұлғатану, Мұса Шорманұлы.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lobs6041
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0