Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 534-547

КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ («ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

Д. С. Мусабалина, М. Я. Имрамзиева, Т. А. Ашимбаев, Б. М. Шукурова, М. Д. Сайымова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада компанияның халықаралық аэропорттың қызметі мысалында корпоративтік мәдениетін қалыптастырудағы директорлар кеңесінің роліне баға берілген. Корпоративтік басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз етуде директорлар кеңесі маңызды роль атқарады. Корпоративтік басқару жүйесіндегі орталық звено бола отырып директорлар кеңесі ұйым жұмысының табыстылығын сипаттайтын функциялар атқарады, маңызды басқарушылық шешімдер қабылдайды, компанияның стратегиялық корпоративтік мәдениетін қалыптастырып, ұзақ мерзімді дамуына жауапкершілік артады. Мақалада компаниядағы корпоративтік мәдениетті тиімді басқару үшін директорлар кеңесінің көшбасшылық, бақылау және стратегиялық бағдарлау қабілеттері шешуші рөл атқаратыны дәлелденеді. Зерттеу объектісі ретінде Ақтөбе облысындағы «Әлия Молдағұлова халықаралық аэропорты» акционерлік қоғамы қарастырылады. Тиімді корпоративтік мәдениет қалыптастыру ұйымның тұрақты дамуына, қызметкерлердің мотивациясына және компанияның бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер ететіні қарастырылды. Сонымен қатар, нақты компаниялар мысалында директорлар кеңесінің бастамалары корпоративтік орта мен қызметкерлердің мотивациясына қалай әсер ететіні көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері компанияның директорлар кеңесінің корпоративтік мәдениетке жүйелі түрде әсер ету құралдары мен тетіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері корпоративтік басқарудың сапасын арттыруға және тұрақты ұйымдық даму тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ұсынады. Кілтті сөздер: корпоративтік мәдениет, директорлар кеңесі, корпоративтік басқару, ұйымдық даму, этика, көшбасшылық

Сведения · Details