Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 2,2025, с. 218-229

ФЕРРОҚОРЫТПА ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШТАР АЛУ ҮШІН КҮЙДІРГЕНДЕ ӘЛСІЗ БІРІГЕТІН КӨМІРДЕН ЖАСАЛҒАН КӨМІР ШИКІҚҰРАМЫНЫҢ ҚҰРАМЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

А. М. Аубакиров, Л. Б. Толымбекова, А. Г. Калиакпаров, Ю. Е. Капелюшин, Х. Б. Теміртас

Аннотация · Abstract

Мақалада ферроқорытпа өнеркәсібінде қолданылатын тиімді тотықсыздандырғыштарды алу үшін күйдіргенде әлсіз бірігетін газ көмірін ұзақ жалыды күйдіргенде бірікпейтін көмірмен бірге пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – алынған кокстың қажетті физика-химиялық сипаттамаларын қамтамасыз ететін көмір шикіқұрамның компоненттерінің оңтайлы арақатынасын анықтау. Термогравиметриялық және дифференциалды-термиялық зерттеулер жүргізілді, бұл күйдіргенде бірікпейтін көмірдің үлесі мен массаның жоғалу көрсеткіштері, жылу әсерлері, құрылымдық беріктік, реактивтілік (CRI) және реакциядан кейінгі беріктік (CSR) арасындағы байланысты анықтауға толықтай мүмкіндік берді. Көмірдің эксперименттік жолмен алынып, қарастырылатын қоспалары термиялық өңдеуден өтіп, содан кейін кокстың беріктік сипаттамалары бағаға алынды. Күйдіргенде бірікпейтін көмір құрамының артуы кокстың шығымдылығының және оның беріктік сипаттамаларының төмендеуіне әкелетіні анықталды, ал аз күйдіргенде әлсіз бірігетін көмір құрамы 75–100 % деңгейінде қоспалар ферроқорытпа өнеркәсібінде беріктігі мен қолдануға жарамдылығы бойынша ең оңтайлы көрсеткіштерді көрсетеді. Атап айтқанда, мақалада ұсынылған нәтижелер отандық көмірді пайдалану перспективасын растайды және импорттық кокс тәуелділігін төмендетуге, сонымен қоса, жергілікті көмір ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін берілген қасиеттері бар тотықсыздандырғыштарды алу технологиясын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Кілтті сөздер: көмір, тотықсыздандырғыш, кокс, ферроқорытпа өндірісі, күйдіргенде әлсіз бірігетін көмір, күйдіргенде бірікпейтін көмір.

Сведения · Details