Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2020, № 4,2020, с. 249-262

"КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ ЖИНАУ ЦЕХЫН ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫТУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫМЕН ЖАҢҒЫРТУ"

О. Д. Меирбекова

Аннотация · Abstract

Бүгінгі таңда әлем ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта, күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Сондықтан, адамдар ертеден күн энергиясын тиімді пайдалану жолдарын қарастырып келеді. Мұнда оңтүстік өңірде орналасқан Кентау трансформатор зауытының (КТЗ) жинау цехының жылу жүйесін жетілдірілген күштік жылу қондырғыларымен жаңғырту мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ зауыттың жылыту жүйесін жобалау кезінде қазіргі заманғы жылу беру құралдары мен жылу жүйелері пайдалана отырып, жылыту аспаптарының жылу есебінің алгоритмі әзірленген. Arduino бағдарламасы негізіндегі диагностикалық өлшеу жүйесі, өңдеу және сақтау процесін қашықтықтан бақылауға мүмкіндігі қарастырылған. Зерттеу жұмысында күн энергиясын қолдану аясын кеңейту мәселелері қарастырылып отыр.

Сведения · Details