Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 3,2025, с. 174-185

КЕРНЕУІ 1000-ҒА ДЕЙІНГІ ЭЛЕКТРҚОНДЫРҒЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСУРС ҮНЕМДЕУ КОНСТРУКЦИЯСЫ

Д. Д. Исабеков

Аннотация · Abstract

Мақалада автор жүк көтергіш механизмдер (ЖКМ) үшін, атап айтқанда дәстүрлі соңғы ажыратқыштарға балама болып табылатын көпір краны үшін әзірленген ресурс үнемдеу құрылымын ұсынады. Зақымданудан электр қондырғыларына арналған ресурс үнемдейтін құрылғылар мен конструкцияларды жасау өткен ғасырдың ортасында басталған, ол бүгінгі күні де өзекті болып қалады. Көтеру-тасымалдау машиналары (КТМ) көтеріп-тасымалдау, тиеп түсіру, құрылыс-монтаж жұмыстарында және өндірісті механизацияландыру мен автоматтандырудың аса тиімді жабдығы ретінде халық шаруашылығының әртүрлі саласында, соның ішінде өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен, металлургия, машинажасау салаларында кеңінен таралған. Осы салалардың барлығында жалпы қолданыстағы көтеру-тасымалдау машиналарының көп түрлері пайдаланылады. Олар тасымалданатын жүктердің түрлері мен жалпы қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталады, сонымен қатар өндірістің кез келген саласында тасымалданатын жүктердің тасымалдау траекториясы мен геометриялық формасына байланысты қабылданады. Ондай машиналарды қолдану ауыр қол жұмыстарын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы геркондағы конструкцияларды құру теориясын одан әрі дамытудан тұрады. Әртүрлі режимдердегі және көпірлі кранның нүктелеріндегі магниттік өрістердің индукциясын негізге ала отырып, оның элементтерінің орын ауыстыруын бақылау операцияларын орындайтын альтернативтік конструкцияны іске асыру толығымен орындалатыны көрсетілген. Мұндай конструкцияда шеткі ажыратқыштар пайдаланылмайды, ал олардың орнына геркон пайдаланылады. Ол тұрақты магнитпен жасалатын магнит өрісіне әрекет ете отырып, бір мезгілде ток датчигі және өлшеу құрылғысы рөлінде әрекет етеді. Магниттік өрісті қабылдау үшін герконды рұқсат етілген минималды қашықтықты сақтай отырып, тұрақты магнитке жақын орнатады. Зерттеудің мақсаты көпір кранының мысалында басқа жүк көтергіш механизмдерге қолдануға болатын, герконда орындалған жаңа ресурс үнемдейтін қорғанысты әзірлеу болып табылады. Кілтті сөздер: көпірлі кран, арба, геркон, индукция, ресурс үнемдеу.

Сведения · Details