Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2023, с. 238-245

"ЕТ ДЕЛИКАТЕСТЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ "

"*З. К. Молдахметова "

Аннотация · Abstract

"Халықты биологиялық тұрғыдан толыққанды, негізгі тағамдық заттардың құрамы бойынша теңдестірілген және мақсатты физиологиялық белсенді компоненттермен байытылған жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету шешуге жататын ең басым ғылыми-техникалық проблемалардың бірі болып табылады. Ет деликатестерін өндіру – өндірісті жаңғыртуды жүзеге асыру, маркетингтік стратегияларды жетілдіру, халықтың әртүрлі топтарының сұраныстарын қанағаттандыратын әлемдік стандарттарға сәйкес өнім шығару негізінде қарқынды және сапалы өсу үшін барлық алғышарттары бар бәсекеге қабілетті өнеркәсіп салаларының бірі. «Ет деликатесі» – табиғи еттен ысталған және тұздалған өнімдерді, сондай-ақ шикі қақталған және шикі ысталған шұжықтардың элиталық сұрыптарын білдіретін жалпыға бірдей танылған және жалпыға түсінікті термин. Технологияны жетілдіру және оның негізінде қайталама шикізаттан жасалған ет эмульсияларын қолдана отырып, деликатес өнімдерінің рецептураларын әзірлеу бүгінгі күні ет өңдеу кәсіпорындарын дамыту үшін өзекті мәселе болып табылады. Ет деликатестерін дайындау ерекшелігі – тұздаудың салыстырмалы түрде ұзақтылығы. Енгізу технологиясының негізгі кезеңі – енгізуге арналған тұзды ерітіндіні дайындау операциясы. Зерттеу барысында ет эмульсиясының құрамында ақуызды өнім массасының 20 % мөлшерінде енгізген кезде қолданудың орындылығы анықталды. "

Сведения · Details