Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 264-277

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІНДЕГІ ЫРЫҚСЫЗ ЕТІСТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫ

Ғайша Ертайқызы Имамбаева, Назира Ахановна Шахметова, Aйгүл Болатқызы Ахметова

Аннотация · Abstract

"Ғылыми мақала тіл білімінің жаңа саласы болып табылатынмәтін лингвистикасының мәселелерінің біріне арналады. Мақалада қазақ тіл біліміндегі етіс категориясы төңірегіндеқалыптасқан ғылыми көзқарастарға аналитикалық шолу жасалады: етіс категориясын көне категория ретінде белгілеу, ырықсыз етістің лексикалық мағынасын сипаттау, актив-пассив формаларының семантикалық, синтаксистікжәне функционалдық ерекшеліктерін айқындау мәселелері қарастырылады. Ырықсыз етістің семантикасын айқындап беретін лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері функционалды-семантикалық өріс аясында талданады, яғни кешенді түрде қарастырылады. Етіс лексика-грамматикалық категорияға жататындығы – оның жасалуы етістіктің мағынасымен байланысты екендігімен анықталады. Етістіктің түрлі лексика-семантикалық мағынасы әртүрлі етіс түрлеріне ие болады. Әр етіс тиісті лексика-синтаксистік етістік қоршауымен сипатталады. Сонымен қатар, етістік лексикасы мен олар басқаратын синтаксистік бөлшектер құрылым жасайды. Құрылым ядролық етістік лексикасынан туатындығы сөзсіз. Ұсынылып отырған мақалада етіс жүйесінде етістік зерттеуі сөйлемнің синтаксистік құрылымы мен лексикалық түрімен қатынастығын көрсетуге мүмкіндік беретін, тірек элементі ретінде қарастырылады, яғни ядро сөйлем шыңы болып, сөйлемде жағдаят ядромен белгіленеді. Осы орайда,зерттеуде ырықсыз етістің көркем шығарма тіліндегі функционалдық қызметіне аса назар аударылады. "

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles