Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2021, № 1.2021, с. 43-53

ЗАҢТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ» ҰҒЫМЫНЫҢ ЗЕРДЕЛЕНУІ

Болат Аюбайұлы Қалмырзаев, Қайрат Тұрлыбайұлы Битемиров

Аннотация · Abstract

Аталмыш мақалада «діни экстремизм» ұғымына тікелей зерттеу жүргізген бірқатар сарапшылардың тиісті анықтамаларына зер саламыз. Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудың мәселелерін зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, діни экстремистік және террористік ұйымдар, сондай-ақ деструктивті діни ұйымдар өздерінің әуелгі идеялық жақтастары ретінде, өзге үлкендерге қарағанда жастарды санайды. Себебі, олардың санасы қалыптаса қоймағандықтан, өзіндік діни иммунитеті болмағандықтан, әрі олардың саналарына өз идеялары мен көзқарастарын, сенімдерін орнықтыруға қолайлы, көнгіш әлеуметтік топ болып келеді. Бір жағынан көптеген діни экстремистік және террористік ұйымдар, сондай-ақ деструктивті діни ұйымдар жастарды басты назарға алады. Осы тұста, ерекше айта кетер жайт, бүгінгі заңтану ғылымы жүйесінде «діни экстремизм» ұғымының зерделенуі бойынша біршама ілгерлеушілік бар. Бұл ретте, ілгерлеушіліктің нақты дәлелі ретінде аталған ұғымның өзіндік табиғаты шынайы діннің табиғатынан шықпайтындығы болады. Яғни бірқатар зерттеушілер осы жағын дәлелді тұжырымдармен дәлелдей алды деп түйінді жасаймыз. Демек, діни экстремизмнің құқықтық табиғаты көрсетілген.

Сведения · Details