Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 1.2025, с. 169-181

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ NEET-ЖАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ: БЕЙНЕСІ МЕН ЖАҒДАЙЫ

Қ. М. Жумаксанова, А. Б. Рахимбаев, Т. А. Айыпова, А. З. Альжанова, Г. И. Абаева

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстандағы NEET-жастардың, яғни жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіптік даярлықтың қандайда бір нысандарына қатыспайтын әлеуметтік осал жастардың мәселелері қарастырылады. Мемлекеттік жастар саясатының өзгерістеріне, сонын ішінде жастар жасының 35 жасқа дейін ұлғаюына қарамастан, NEET-жастар үлесінің өсуімен зертеудің өзектілігі анықталады. Зерттеудің мақсаты NEET-жастар санатының қалыптасуына әсер ететін факторлар мен өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, олардың Қазақстандағы ағымдағы жай-күйін талдау болып табылады. Берілген зерттеу Ұлттық статистика бюросының, «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінің ресми деректеріне негізделді. Мақалада Қазақстанда NEET-жастардың әлеуметтік-экономикалық бейнесіне кешенді талдау жүргізілді. Мақалада авторлармен NEET деңгейіндегі өңірлік айырмалықтар егжей-тегжейлі қарастырылып, жастардың білім беру және еңбек процестеріне қосылуына кедергі келтіретін басты себептер көрсетілген. Зерттеу нәтижелері жастардың әртүрлі санаттарымен жеке жұмыс істеуге, олардың ерекшеліктерін ескеруге және кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыру бағдарламаларын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеу нәтижелерінің құндылығы NEET жастардың қалыптасуының құрылымдық себептерін түсінуге ықпал етіп, осы топты әлеуметтік қолдаудың тиімді шараларын әзірлеу мен еңбек нарығының талаптарына бейімдеу үшін пайдалануы мүмкін. Кілтті сөздер: жастар, NEET-жастар, осал топтар, білім беру, еңбек нарығы, жастар саясаты, Қазақстан

Сведения · Details