Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 1,2024, с. 6-18

ТРАНСЛИНГВИЗМДЕГІ ДИСКУРСИВТІ ТӘЖІРИБЕ: ЖАСТАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ТАҢДАУ ТІЛІ

А. К. Абилкасымова, А. Ш. Акжигитова, С. С. Әубәкір

Аннотация · Abstract

Мақалада транслингвизмдегі дискурсивті тәжірибе талқыланып, жастардың күнделікті қарым-қатынастағы таңдау тілін анықтау және зерттеу әрекеті жасалды. Дискурс соңғы ғылыми жұмыстарда кеңінен қарастырылып жүргенімен, оны әсіресе жастар дискурсы тұрғысынан зерттеу – бүгінгі лингвистикалық зерттеулердің маңызды тақырыптарының бірі. Ал жастар дискурсындағы транслингвизмнің маңыздылығы жастардың қоғамның тілдік бейнесінің айқын көрінісі ретінде танылуымен түсіндіріледі. Сондықтан мультилингвалды қоғамдағы жастар дискурсында транслингвизмнің орын алуы оны зерттеуге негіз болып табылады. Зерттеу мақаласында отандық және шетелдік тіл білімі саласындағы дискурс және оның түрлері, жастар дискурсы мен транслингвизм сияқты ұғымдарды зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалды. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары, ерекшеліктері аталып, салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізілді. Мақаланың тәжірибелік бөлігінде лингвистикалық аспектіде жастар дискурсындағы транслингвизмді тәжірибе тұрғысынан анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері талданды. Зерттеудің фокус тобы – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары және ҚР азаматы ретінде танылған жастар. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – транслингвизмдегі дискурсивті тәжірибедегі жастардың күнделікті қарым-қатынастағы таңдау тілін анықтау және жастардың тілдік репертуарды қолдануын сипаттау болып табылады. Кілтті сөздер: дискурс, жастар дискурсы, транслингвизм, билингвизм, мультилингвизм.

Сведения · Details