Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2025, № 2,2025, с. 205-224
ЖЭО СУ-КӨМІР ОТЫНЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада пайдаланылатын отын қоршаған ортаға тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар зиянды әсер ете алады деп қаралған. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттің энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көмірдің рөлі мен орны қайта қарастырылуда. Бұл ретте елдің отын теңгеріміндегі көмір үлесінің ұлғаюы терең энергетикалық дағдарыстың туындауынан қорғаудың тұрақтандырушы факторы болып табылады. Алайда көмір отының пайдалану кезінде туындайтын экологиялық мәселелер жаңа экологиялық таза көмір технологияларын әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Қоршаған ортаның ластануы халық денсаулығына теріс етеді, бұл бронх ауруларының өсуіне алып келеді. Қоршаған ортаны отынның жану өнімдерімен ластаудың жалпы көлеміндегі энергетикалық кәсіпорындардың үлесі жоғары. Экологияға ең көп зиянды жылу энергетикасы, қара және түсті металлургия, мұнай-газ саласы мен машина жасау кәсіпорындары келтіреді. Бұл мәселенің табиғат қорғау аспектісі болғандықтан, оны шешу үшін қазіргі отынға (көмірге) балама – су-көмір отыны ұсынылады. Бұл отынның осы түріне көшетін кәсіпорындар шығарындыларының құрамының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, бұл отын жылу электр орталықтарында отын жағу үрдістерін оңтайландыру бойынша ең болашағы зор технологиялық шешімдердің бірі болуы мүмкін. Бұл отын Қазақстанда кеңінен таралған жоқ. Мақалада осы отынның сипаттамалары егжей-тегжейлі сипатталған. Су-көмір отынды жағу тәсілдері қаралды. Кілтті сөздер: Қазақстанның жылу энергетикасы, су-көмір отыны, су-көмір отынын дайындау, су-көмір отынын жағу, экология
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lgfi6999
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0