Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 473-487

"Б. МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «БАТЫРЛЫҚ» КОНЦЕПТІНІҢ ӨРІСІ "

А. А. Туймебекова, А. Б. Салқынбай, Р. А. Беркенова

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада ХХ ғ. Ұлы Отан соғысында батырлығымен әлемге аты шыққан жауынгер-жазушы Б. Момышұлының тұлғалық тілдік табиғаты зерттеледі.Адамзаттың санасы мен жанын аласапыран еткен қырғын соғыстағы жеке адам мен адамзаттың жауыздыққа қарсы тұрар тұлғасын қалыптастыратын тілдік концептілер қарастырылады. Адамның сан қилы жағдайда өзінің адамшылығын сақтауын, Отанын сатпау, туған жерін қадірлеу, ар-ұят, намыс пен парыз, борыш пен міндет мәселесі кеңінен қозғалады. Соғыс аренасы өз алдына бөлек дүние, ондағы заң мен әрекет өзгеше екендігі айтылады. Ұлы Отан соғысынан соң Батырдың шынайы дүниені өз саналық дүниетанымынан өткізіп, әлемнің бейнесіне тілдік тұрғыдан қарап, оған баға беруі, адамдармен қарым-қатынасы, майдандас достарымен пікірлесуі үлкен жауапкершілікті арқалатады. Өз ойынан туған «батырлық» туралы ойдың өшпеуі үшін ұрпағына мирас етпек ойы сөз болады. Б. Момышұлының соғыстағы ерлігі жаһанға таралып, кейін соғыс аяқталған соң, әскери академияны бітіріп, қызметке орналасарда әділетсіздіктер болғаны мәлім. Тіпті соғыста теңдессіз ерлік көрсетсе де, Совет Одағының Батыры атағының берілмеуі де баршамызға аян. Осындай қиындықтарды басынан өткерген адамның ой-тұжырымы сарапталады. Өзінің «Батыр» екендігін өзі мойындамаса да, халқы берген. Сондықтан Батыр өзін «Мен Халықаралық Батырмын» деп бағалаған. Б. Момышұлы кешегі жауынгер, тіпті жауынгер баласына деген құрметін еш жоғалтпаған. Зерттеу нәтижесінде Б. Момышұлының күрделі, терең, халықтың бүкіл ар-намысынан жаралған адал ұлы екендігіне көз жеткіземіз. Батырдың шығармаларынан «батырлық» концептісін тауып, оған концептуалды, дефинициялық, тарихи-этимологиялық талдаулар жасаймыз. Кілтті сөздер: концепт, ұят, батырлық, абырой, жеңіс, парыз, әділдік, намыс "

Сведения · Details