Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 196-206
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КОГНИТИВТІ КОМПОНЕНТТІҢ КРИТЕРИЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақала әлеуметтік жауапкершілікті кәсіби тұлғалық сапа ретінде қалыптастыруда когнитивті компоненттің критерийлік көрсеткіштерін анықтауға арналған. Когнитивті компонент әлеуметтік жауапкершілік құрылымындағы маңызды және негізгі компонент. Өйткені қандайда бір кәсіби сапаны қалыптастыру үшін, ол туралы білім алушының тұтас түсінігі, қабылдауы, саналы қатынасы болуы шарт. Өздігінен әлеуметтік жауапкершілік күрделі құрылымды категория болғандықтан авторлар бұл салада бұдан бұрынғы зерттеулерге сүйене отырып, когнитивті компоненттің әлеуметтік хабардарлық және мағыналық критерилерін талдауды зерттеу жұмысының міндеті ретінде қарастырады. Бұл міндетті орындау үшін білім алушыларда әлеуметтік жауапкершіліктің мазмұны туралы білімнің жалпы жағдайы жөнінде ақпарат жинақтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік сауалнама және әлеуметтік жауапкершіліктің жеке маңызын сезінудің, түсінудің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін «жауапкершіліктің» көпөлшемдік функционалдық диагностика әдістемесінің бесінші және алтыншы шкалаларының нәтижелері алынды. Зерттеу жұмысының нәтижесі білім алушыларда әлеуметтік жауапкершілікті тұтас, түбегейлі қабылдауға қарағанда біржақты түсініктің басымдылығын көрсетті. Бұндай көрініс әсіресе, бірінші курс студенттерінде айқын көрінеді. Қандай да бір саналы іс-әрекетті жүзеге асыруда болашақ педагогтің тек қана қоғамдық біліммен шектелуі жеткілікті емес. Сондықтан, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда когнитивті компоненттің жан-жақты зерделенуі, бұл процестің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/lfsl3897
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0