Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2024, № 2.2024, с. 15-24

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУ

М. Н. Рахимбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада Қазақстан аумағындағы еңбек көші-қоны, көрші мемлекеттермен осы процесті басқару және реттеу қарастырылады. Бұл зерттеудің негізгі бағыты еңбек көші-қоны процестерін реттейтін құқықтық және институционалдық механизмдер, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен байланысты проблемалар болып табылады. Ұлттық заңнама туралы ақпараттың бастапқы көзі ретінде көші-қонды басқару және статистика жөніндегі ұлттық органдардың электрондық базалары мен сайттары да қарастырылды. Зерттеу жүргізу үшін ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы), ХҚҰ (Халықаралық көші-қон ұйымы) және ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы) 2006 жылғы басшылығында баяндалған теориялық ережелер мен практикалық ұсынымдар пайдаланылды, бұл еңбек көші-қонын басқарудың ұлттық тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, көптеген олқылықтар анықталды, мысалы, келетін және кететін еңбек мигранттарының саны туралы нақты деректер жоқ. Соңғы статистика сыртқы көші-қонның жалпы санын көрсетеді. Еңбек көші-қоны еңбек нарығына және жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін елдің маңызды сипаттамасы болғандықтан, осы процесті бақылау және заңдастыру қажет. Көші-қон рәсімдерін оңтайландыру үшін ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл процесті басқару ішкі және сыртқы факторларды ескеретін кешенді тәсілді қажет етеді.

Сведения · Details