Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 3.2020, с. 441-450

КЕЙБІР ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ S, Š, Z, Ž ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Владимир Александрович Шнайдер, Ғалияпану Қабиқызы Резуанова

Аннотация · Abstract

"Мақалада тарихи фонетикаға байланысты бұрын-соңды зерттелмеген тың мәселе көтеріледі. ХІХ ғасырдағы түркі тілдеріндегі s, š, z, ž дауыссыз дыбыстар тіркесімінің сөз басында қолданылу ерекшелігі туралы айтылып, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісіне талдау жасалады. Көтеріліп отырған мәселе Брюке, Сиеверс, Лепсиус, Радлов еңбектеріне сүйене отырып қарастырылады. Зерттеу жұмысына нысан етіп алынып отырған с-ш дыбыстарының түркі тілдерінде алмаса қолданылу заңдылығы сөз етіледі. Қыпшақ-ноғай тобындағы тілдердің басқа көптеген түркі тілдерінен ерекшеленетін басты бір фонетикалық белгінің бірі «ш» дыбысының жиі қолданылуы болып табылады. Қазақ тілінде «с» дыбысы қолданылатын орында бірқатар түркі тілдерінде тек сөз басында ғана емес, сөз ортасы мен аяғында да «ш» дыбысы қолданылады. Авторлардың айтуынша, қазіргі қазақ әдеби тілі мен говорларына көз жүгіртсек, бір тілдің өзінде түркі тіліне бейімді с<ш алмасуларын аңғаруға болады. Тіпті кейбір с-ш алмасуы ауызекі тілде де, әдеби тілде де қатар да қолданылу фактілерінің болуы нақты мысалдармен тұжырымдалады. Көркем әдебиетте олардың, керсінше, яғни «ш» дыбысының орнына «с» дыбысының қолданылатынынына көңіл аудартады. Қазақ тілінде сөз басында «ш» дыбысы қолданылатын орында басқа түркі тілдерінде қандай дыбыстар жұмсалатыны сөз болады. "

Сведения · Details