Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2021, № 1.2021, с. 295-306

ЭНЕРГИЯ ТИІМДІ ЖИІЛІКТІ РЕТТЕЛЕТІН ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН КОМПРЕССОРЛЫҚ СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖАҢАРТУ

Данна Максуткановна Чныбаева, Юрий Александрович Цыба

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада «Оңтүстік» газ құбыры аймағындағы компрессорлық станцияның газ айдау қондырғыларының электр шығынын, пайдалы әсер коэффициенті мен өнімділігін құралды зерттеу нәтижелері келтірілген, бұл үрлегіштердің барлық жұмыс істеу кезеңінде магистральдық газ құбыры желісінің жүктемесі мен үрлегіштің реттелмеген электр жетегінің жүктемесі арасында айтарлықтай сәйкессіздік бар екенін көрсетті. Эксперименттік зерттеулердің есептеулері мен талдаулары көрсеткендей, газды тасымалдауға электр энергиясының артық шығыны орта есеппен 32 % құрайды. Энергия тиімді жиілікті реттелетін электр жетегін енгізу арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізу үшін заманауи техникалық шешімдерді қолдана отырып, электр және газ айдау қондырғыларының қолданыстағы паркін қайта құру және жаңарту бойынша ұсыныстар берілген.

Сведения · Details