Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 4.2022, с. 233-245
ҚАТЫСЫМДЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ОҚУЛЫҚТАРҒА ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қатысымдық жаттығулардың зерттелуі мен олардың оқулықтарда берілуі қарастырылды. Мақаланың негізгі бөлімінде қатысымдық жаттығулар қарастырылған ғылыми еңбектер тақырыпқа сай зерделеніп, тіл үйренушілердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасуында жаттығулардың қатысымдылығы үлкен рөл атқаратыны, қатысымдық жаттығулардың басты артықшылығы, қатысымдық жаттығулардың алатын орны айқындалды. Зерттеу нысаны ретінде тіл үйретудің А1 деңгейлі оқулықтары алынды. Қазақ, башқұрт тілдерін үйрету оқулықтары бойынша қатысымдық жаттығулар түрлері анықталды. Оқулықтарды талдауда Е.И.Пассовтың қатысымдық жаттығуларды топтастыруы, соның ішінде қатысымдық жаттығуды құрамына, тәсіліне, орындалуына қарай топтауы басшылыққа алынды. Қазақ, башқұрт тілдерін үйретуге бағытталған оқулықтарда қатысымдық жаттығулардың қамтылу деңгейіне салыстырмалы талдау жасалды. Нәтижелері кестелерде көрсетілді. Талдау қорытындылары бойынша қатысымдық жаттығулардың оқулықтарда қамтылуы әлде де біріздендіруді, жүйелеуді қажет ететіндігі анықталды. Жұмысымыздың қорытындылар мен тұжырымдар бөлімдерінде жалпы теориялық және ғылыми міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің аналитикалық әдістері қолданылды. Қатысымдық жаттығулар мәселесі бұрыннан зерттелгенімен, ол қазірдің өзінде өзекті мәселенің бірі болып қала береді. Себебі психология мен лингвистикаға байланысты коммуникативті жаттығуларды құрудың жаңа идеялары, ұстанымдары әлі де болса зерттеу, зерделеуді қажет етеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/kzwl2389
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2