Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2022, № 3.2022, с. 9-21

"ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР "

Г. А. Абылкасимова, К. Т. Тулебаева

Аннотация · Abstract

"Мақалада өз шығармаларын орыс тілінде жазатын қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің эстетикалық көзқарастары мен өлеңдеріндегі эстетикалық категоргиялар ұғымы туралы айтылады. Ақын поэияларынан аңғарылатын эстетикалық көріністерді сұлулық жайлы қалыптасқан ғылыми түсініктермен салыстыра зерттеу негізгі міндет болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде ақынның өлеңдері алынған. Сан қырлы ақын өлеңдерінде әсемдік әлеміне деген ұлттық және интерноционалдық көзқарас байқалады. Бұған ақынның ұлттық және еуропалық эстетикалық мәдениеттен жақын таныс болуы ықпал етсе керек. Автор ақынның эстетикалық көзқарастарын саралап, оның әлемдік әдебиеттегі рөлін айқындайды. Эстетикалық категориялардың поэзиядағы қолданылу жүйесі мен ерекшелігін ашуға тырысады. Зерттеу жұмысында баяндау, анализдеу және индукция әдісі қолданылған. Индукция әдісі ақынның эстетикалық жеке қорытулары негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Автор ақынның ішкі сезімдері, талғамы, бағалауы, күйзелісі, идеялары мен армандарына терең үңілуге тырысқан. Олжас Сүлейменов поэзиясынан сұлулық, асқақтық сынды негізгі эстетикалық категорияларды ақын поэзиясынан тауып, мысалдармен дәлелдеген. Ақын шығармашылығының сұлулық әлемін тануда ғылыми зерттеу жұмысы төмендегі мәселелерді негізгі мақсат етіп қояды. Сұлулық әлемін танытар өлең жанрына қойылатын қалыптасқан пікірлерді саралау. Сұлулық әлеміне қояр ақынның өз талабы мен өлең жолдарынан қорытылып алынған негізгі эстетикалық ойларды анықтау. Ақын поэзиясындағы эстетикалық категорияларды тауып, нақты мысалдармен дәлелдеп көрсету. Мақалада эстетика ғылымының тарихы, мәселесі мен міндеттері, категориялары және эстетиканың өнермен байланысы, сонымен қатар О. Сүлейменовтің поэзиясын ғылыми тұрғыда зерттеп келе жатқан ғалымдар пікірі басты назарға алынған. Автор талас тудырған пікірлерге тоқталып, ақын өлеңдеріне жаңаша көзқараспен қорытынды жасайды. "

Сведения · Details